Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы

    Сарысу ауданы әкімінің орынбасары

    Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы

    Сарысу ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы 1980 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.

    2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист», 2011 жылы аталған университетті «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы Жайылма ауылындағы В.И. Ленин атындағы орта мектебінде есепші болып бастаған.

    Отбасылы, 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

    1999-2000 жылдары Көгалдандыру және көріктендіру мекемесінің инспекторы.

    2000-2001 жылдары «Мемлекеттік көп салалы коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының есепшісі.

    2001-2002 жылдары Сарысу аудандық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімінің топ жетекшісі, бас есепшісі.

    2002-2010 жылдары Сарысу аудандық аумақтық емханасының бас бухгалтері, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары.

    2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық емханасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас есепшісінің орынбасары, бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары.

    2012-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

    2013 жылы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2013-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

    2018-2019 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесінің кадрлық, қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

    2019 жылдың наурыз-мамыр айларында Сарысу ауданы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы.

    2019-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы

    2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

    2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2022-2023 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2023-2024 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, 2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері