
Рысдәулет Құдайберген Жамбылұлы
Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Рысдәулет Құдайберген Жамбылұлы 1981 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ, білімі жоғары.
2002 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің филология бөлімін қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту, 2010 жылы «Әулие – Ата» университетін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Ж. Отарбаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2005-2008 жылдары аудандық «Сарысу» газетінде корректор, фототілші, бөлім меңгеруші,
2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің маманы, аға маманы, бас маманы, бөлім бастығы,
2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және құжаттау бөлімінің бас маманы,
2018-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы,
2021 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылғы 3 тамызынан Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Отбасылы, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.


