
Бурбаев Асқар Болатұлы
Рудный қаласының прокуроры
Өмірбаян
Асқар Болатұлы Бурбаев 1986 жылы 29 маусымда Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында 2009 жылдың қаңтарында Астана қаласы ІІД полкінің инспекторы қызметінен бастады. 2012 жылғы қаңтарда прокуратура органдарына ауысып, Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы прокурорының көмекшісі лауазымына тағайындалды.
Әр жылдары Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы прокурорының аға көмекшісі (2012-2015), Астана қаласы Прокуратурасы басқармасының прокуроры (2015-2017), Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау қызметі Бас прокурорының аға прокуроры және аға көмекшісі (2017-2025) қызметтерін атқарды. 2025 жылғы 17 қазаннан бастап Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі-14 жылдан астам. Сынып дәрежесі-аға әділет кеңесшісі.





