
Сарсенбай Ұлмекен
Құрылымдық бөлімше басшысының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Сарсенбай Ұлмекен 1996 жылғы 21 сәуірде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық ауылында дүниеге келген. 2015 жылы КазГЗУ колледжін, 2018 жылы Қайнар Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015-2016 жылдары Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінде жастар тәжірибесі аясында маман болып бастаған.
2016 жылы Хромтау ауданы прокуратурасында қоғамдық қызметкер;
2017 жылы Хромтау ауданы әкімінің аппаратында іс жүргізуші;.
2017-2018 жылдары аудан әкімінің аппараты қабылдау бөлмесінің меңгерушісі;
2018-2019 жылдары «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-де бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман;
2019-2021 жылдары Хромтау ауданы прокуратурасында жетекші маманның міндетін атқарушы, жетекші маман;
2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Ақтөбе облысы филиалы б-ша маман;
2021-2022 жылдары «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманының міндетін атқарушы;
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманы қызметін атқарып келеді.





