
Нұрбаев Асан Нұрбайұлы
Абай облысы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар заң колледжін, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын және Инновациялық Еуразия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1999–2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжінің курсанты.
2001–2003 жылдары — Павлодар облысы Ішкі істер департаменті Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі;
2008–2009 жылдары — Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының міндетін атқарушы көмекшісі;
2009–2012 жылдары — Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі;
2012 жылы — Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі;
2012–2013 жылдары — Павлодар облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры;
2013 жылы — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасының «Есіл» ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қадағалау жөніндегі прокуроры;
2013–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасының кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры;
2017–2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға прокуроры;
2018 жылы — Маңғыстау облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокурор көмекшісі;
2018–2022 жылдары — Маңғыстау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы;
2022 жылы — Маңғыстау облысы прокуратурасы Аппаратының басқарма бастығы — басшысы;
2022–2024 жылдары — Павлодар облысы Павлодар қаласының прокуроры;
2025 жылы — Павлодар облысы Павлодар қаласының прокуроры;
2025–2026 жылдары — Павлодар облысы Павлодар ауданы прокуратурасының прокуроры;
2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы прокурорының орынбасары.


