
Масақбаев Ізбасар Берікқұлұлы
Абай облысы прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
1985 жылғы 22 тамызда Алматы қаласында дүниеге келді.
2002 жылы Алматы заң колледжін бітірген.
2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
2010 жылы У. А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасының прокуроры, Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілері мен атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2026 жылғы мамыр айынан бастап Абай облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
