Абжатов Ерлан Ануарбекұлы

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы

    Абжатов Ерлан Ануарбекұлы
    Басшы

    Абжатов Ерлан Ануарбекұлы

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы

    Өмірбаян

    Туған жылы: 9 тамыз 1983 жыл, білімі - жоғары

    Көкшетау университетін (заңгер), Гуманитарлық-техникалық академиясын (бизнес және басқару магистрі) қаржы мамандығы бойынша бітірген.

    2006-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының, Астана қаласының, Ақмола облысының, Маңғыстау облысының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуратура органдарында жұмыс істеді.

    2021-2022 жылдары Ақмола облысы әкімдігінің «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2023 жылы «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2023-2026 жылдары Ақмола облысының «Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылғы 15 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері