
Қаипов Берік Талғатұлы
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшы орынбасары
Өмірбаян
Қаипов Берік Талғатұлы
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті басшысының орынбасары
Қаипов Берік Талғатұлы 1981жылдың 6 қарашада Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін “есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуі”мамандығы бойынша бітірген, 2007 жылы Орталық Азия университетін “қаржы” және 2016 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын “құқықтану” мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2004 жылдан бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маман болып бастаған.
2006 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласы Бостандық аудандық бөлімінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына маман болып тағайындалған.
2006 жылғы 05 қазанда Алматы қаласы Қаржы департаментіне бас маман лауазымына қабылданған.
2007 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойыншаСалық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының салықтарды өндіріп алу бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданған.
2007–2011 жылдар аралығында Салық комитетінде қызмет атқарып, Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу және жанама салықтар бөлімдерінде бас маман қызметтерін атқарған.
2011 жылғы 24 қазанда Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің өндіріп алу бөлімінің бас салық инспекторы – бас маманы лауазымына ауыстырылған.
2012 жылғы 11 қыркүйекте Алматы облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді пайдалану мен ведомстволық түсімдерді бақылау бөлімінің жетекші маманы – жетекші салық инспекторы болып тағайындалған.
2014 жылғы 06 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің ҚҚС бөлімінің бас маманы – бас салық инспекторы лауазымын атқарған.
2014 жылғы 11 мамырда Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Жетісу ауданы бойынша салықбасқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.
2014 жылғы 15 желтоқсанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы болып қабылданған.
2017 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының №2 камералдық бақылау бөлімінің басшысы болып қабылданған.
2017 жылғы 20 қазанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.
2020 жылғы 08 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.
2021 жылғы 17 қарашада Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылғы 25 қарашада Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2022 жылғы 08 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымда қызметін атқарды.
2026 жылғы 12 қаңтардан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.



