
Кизбаев Мұраділ Шекербекұлы
Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Кизбаев Мұраділ Шекербекұлы 13.02.1985 жылы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары.
2011 жылы Шымкент университетін "экономика" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы "Үмбет" шаруа қожалығында есепші болп бастаған. 2009-2013 жылдары аудандық медицина бірлестігінде, Ә.Байтанаев негізгі мектебінде және аудандық білім бөлімінде оператор, есепші, экономист, 2013-2015 жылдары аудан әкімі аппараты әкімшілік және жалпы бөлімінің бас маманы, 2015-2024 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
24.09.2024 жылдан бастап Отырар ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





