Әшір Біржан Отарбайұлы

    Отырар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Әшір Біржан Отарбайұлы
    Руководитель отдела

    Әшір Біржан Отарбайұлы

    Отырар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Әшір Біржан Отарбайұлы 1971 жылы 8 наурыз айында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

    Алғашқы еңбек жолын 1992 жылы ҮМІТ шаруа қожалағының төрағасы қызметінен бастаған.
    Мемлекеттік қызмет саласында 1996 жылы Отырар аудан әкімінің жастар ісі, саяcат және спорт басқармасының жасы кәмелетке толмағандардың ісі жөніңдегі хатшысы, 1996-1997 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, 1997-1998 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1998-2002 жылдары Отырар ауданы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бас маманы, 2002-2006 жылдары Отырар ауданы аудан әкімі аппаратының бас маман заң кеңесшісі, 2006-2008 жылдары Отырар ауданы әкімнің заң кеңесшісі, 2009 жылы Отырар ауданы әкімі аппараты кадрмен жұмыс бөлімінің менгерушісі, 2009-2010 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2011 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2011-2015 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
    2015 -2023 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент және Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармаларының басшысы және бас маманы, 2023 -2024 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері