Төлеухан Ануар Жанболатұлы

    Инвестиция тарту жөніндегі басшысы

    Руководитель отдела

    Төлеухан Ануар Жанболатұлы

    Инвестиция тарту жөніндегі басшысы

    Өмірбаян

    988 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2007 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің тау-кен металлургия факультетіне «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2011 жылы тәмамдады. Сондай-ақ 2011 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 жылы бітірді.

    Еңбек жолын 2011 жылғы 1 шілдеде Ұлан ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жерге орналастырушы болып бастады. 2012 жылғы 20 сәуірден бастап бас маманның міндетін атқарушы, ал 2012 жылғы 30 шілдеден бастап аталған мекеменің бас маманы қызметін атқарды. 2016 жылғы 15 ақпаннан бастап Ұлан ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, 2016 жылғы 28 сәуірден бастап осы мекеменің басшысы болып тағайындалды.

    2019 жылғы 25 сәуірден бастап Күршім ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды. 2020 жылғы 24 ақпаннан бастап Күршім ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет, құрылыс, автомобиль жолдары және көлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы 27 қыркүйектен 2025 жылғы 20 қазанға дейін жеке кәсіпкер «Төлеухан» ретінде қызмет атқарды. 2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасында инвестиция тарту жөніндегі басшының уақытша міндетін атқарушы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері