
Өмірбаян
2008–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты Павлодар заң колледжінде білім алған.
2010–2011 жылдары Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты АК-159/21 мекемесінде сотталғандарды еңбекке ұйымдастыру бойынша маман–инспектор қызметін атқарған.
2011–2013 жылдары аталған мекеменің сотталғандарды еңбекке ұйымдастыру бөлімінде инспектор қызметін атқарған.
2013–2016 жылдары Қарағанды облысы бойынша АК-159/21 мекемесінің сотталғандармен тәрбие жұмысы бөлімінің взвод басшысы қызметін атқарған.
2016–2018 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы ІІБ-де, мүлік қылмыстарын ашу бөлімінде оперуполномоченный (аға қызметкер есебінен) қызметін атқарған.
2018–2019 жылдары Байқоныр ауданы ІІБ-нің мүлік қылмыстарын ашу бөлімінде, кейін сол аудан полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы бөлімінде оперуполномоченный болып жұмыс істеген.
2019–2025 жылдары Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы бөлімінде аға оперуполномоченный қызметін атқарған.
2025 жылы №3 мекеменің Оперативтік бөлімінің аға оперуполномоченныйі, кейін бөлім бастығы болып тағайындалған.
2025 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы бойынша №64 мекеме бастығының оперативтік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.





