Ахметов Данияр Кабиболлаұлы

    №64 мекеме бастығының орынбасары

    Ахметов Данияр Кабиболлаұлы
    Заместитель начальника

    Ахметов Данияр Кабиболлаұлы

    №64 мекеме бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    2009–2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткерген.

    2013 жылы қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін бастап, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/22 мекемесінің бақылаушылар қызметінде бақылаушы-тағылымдамашы лауазымына тағайындалды. Сол жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Павлодар қаласындағы оқу орталығында бастапқы даярлық курстарынан өтті.

    2013–2015 жылдары ЕЦ-166/22 мекемесінің бақылаушылар бөлімінде бақылаушы қызметін атқарды.
    2015–2017 жылдары — аталған бөлімнің аға бақылаушысы.
    2017–2018 жылдары — әкімшілік ғимаратты күзету бойынша бақылаушы.

    2018 жылы ЕЦ-166/10 мекемесінің сотталғандармен тәрбие жұмысы бөлімінде босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспектор лауазымына тағайындалды. 2018–2019 жылдары осы бағыт бойынша аға инспектор қызметін атқарды.

    2019 жылы Сарыарқа ауданының пробация қызметінің инспекторы болып тағайындалды.

    2020–2021 жылдары Есіл ауданының пробация қызметінде инспектор қызметін атқарды.

    2021–2022 жылдары Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесінің кадр саясаты тобының кәсіби даярлық жөніндегі инспекторы, кейін осы бағыт бойынша аға инспектор қызметін атқарды.

    2022–2024 жылдары Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы болды.

    2024 жылы №64 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалып, кейін аталған лауазымға бекітілді.

    2025 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекемесі бастығының режим және күзет жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері