Әмірбеков Әсет Пернебекұлы
Шағын және орта бизнес бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білім
Әсет Пернебекұлы Әмірбеков 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бухгалтерлік есеп және аудит факультетін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 2000 жылы «Жібек жолы» ЖШС жабдықтау және сатып алу бойынша менеджер болып бастаған.
2001 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасының қаржы секторында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді
2013 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласында «Маркет Строй Инжиниринг» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді
2015 жылдан 2020 жылға дейін «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы
2020 жылдан 2025 жылға дейін «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ шағын және орта бизнес бөлімінің бас маманы
2025 жылдың мамыр айынан бастап «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ шағын және орта бизнес бөлімінің басшысы болып тағайындалды




