
Аймұхамбет Әбілқайыр Бауыржанұлы
Стратегиялық даму бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Аймұхамбет Әбілқайыр Бауыржанұлы 1988 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында дүниеге келген.
Чех Республикасының Прага қаласында Қаржы және басқару жоғары мектебін бітірген.
Қаржыгер ретінде білім алғаннан кейін, өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де бастады.
2015-2017 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді қабылдау және өңдеу орталығының жетекші маманы;
2017-2019 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы;
2019-2020 жылдары – Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының стратегиялық даму және жобалық басқару бөлімінің бас маманы;
2020-2022 жылдары – Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы;
2022-2023 жылдары – Алматы қаласы Экономика басқармасының стратегиялық даму бөлімінің бас маманы;
2023 жылғы қаңтарда «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2024 жылғы тамыздан бастап, стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып тағайындалды.



