Мекебаева Алия Есмуханқызы

    Департамент басшысы

    Өмірбаян

    1970 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисовка кентінде дүниеге келді.

    2002 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

    2012жылы «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    1988 жылдан 1990 жылға дейін Қостанай облысы, Денисовка ауылы, Қостанай облысы, Орджоникидзев аудандық комсомолының есепсекторының статисті болып жұмыс істеді.

    1990 жылдан 1991 жылға дейін Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, Жітіқара қалалық комсомол комитетінің ВЛКСМ мүшелерін есепке алу секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    1992 жылдан 1997 жылға дейін Қостанай облысы Жітіқара қаласы, Жітіқара қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің 1 санатты маманы болып жұмыс істеді.

    1997 жылдан 2001 жылға дейін Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Жітіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

    2001 жылдан 2008 жылға дейін Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2008 жылдан 2012 жылға дейін Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    2012 жылдан 2013 жылға дейін Қостанай облысы Жітіқара қаласы «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы болып жұмыс істеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері