
Исмагамбетов Санат Тюлегенович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы
Өмірбаян
Ресей Федерациясының «Оңтүстік-Орал басқару және экономика институтын» «құқықтану» мамандығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Қостанай облыстық сот аппараты Рудный қалалық сотының орындаушысы болып бастаған.
2016 жылы – сот отырысының бас маманы-хатшысы, Рудный қалалық соты.
2016 жылы – несие бойынша сарапшы ЖШС «KMF».
2017 жылы – ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы әкімі аппараты.
2018 жылы – құқықтық бөлімнің бас маманы, Рудный қаласы әкімі аппараты.
2020 жылы – құқықтық бөлімнің басшысы, Рудный қаласы әкімі аппараты.
2024 жылы – Біржан сал ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2025 жылы – жобалық офис басқармасы стратегиялық даму департаментінің бас сарапшысы, ҚР Энергетика министрлігі.
2025 жылы – заңнаманың сақталуын, талап арыздар мен ұйымдастырушылық жұмысты бақылау бөліміның бас маманы, Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті аумақтық департаменті.
2025 жылы – Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Персоналмен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы.

