
Гауанов Габиден Заманұлы
Жылу желілері мен қазандықтарды бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
1996 жылы туған. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «электр энергетикасы» мамандығы бойынша бакалавр, «өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қалаларды және АӨК электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Техника ғылымдарының магистрі. Сондай-ақ Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер «мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018 жылы «Астана-АЭК» АҚ жедел-көшпелі қызметтің №3 учаскесінің 3-разрядты тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері болып бастаған.
2019–2020 жылдары – «Астана-АЭК» АҚ жедел-көшпелі қызметтің №3 учаскесінің 4-разрядты тарату желілерін пайдалану жөніндегі электромонтері.
2020–2022 жылдары– «Астана-АЭК» АҚ диспетчерлік технологиялық басқару құралдары қызметінің АСДУ секторының 2 санатты инженері.
2022–2023 жылдары – «Астана-АЭК» АҚ диспетчерлік технологиялық басқару құралдары қызметінің АСДУ секторының 1 санатты инженері.
2023–2024 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «KAP Technology» ЖШС өндірісті дамыту департаменті, цифрлық даму және байланыс департаментінің менеджері.
2024–2025 жылдары– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті материалдарды және халықаралық кепілдіктерді бақылау басқармасының бас сарапшысы.
2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылу желілері мен қазандықтарды бақылау басқармасының басшысы.

