
Кайрбаев Абай Аргынович
ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Өмірбаян
А.Кайрбаев 1992 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жаңақазалы кентінде дүниеге келген.
2014 жылы Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, 2015 жылы осы университеттің магистратурасын (құқықтану ғылымдарының магистрі), 2019 жылы Д.Қонаев атындағы Евразиялық Заң академиясын "қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мұрағатшысы болып бастаған.
11.2016-01.2024 - Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы,
01.2024-05.2024 - Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы,
05.2024-02.2025 - Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары,
02.2025-осы күнге дейін - Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.





