
Жарқынбек Көкен Қайратұлы
Заместитель руководителя Управления градостроительного контроля г. Алматы
Өмірбаян
Жарқынбек Көкен Қайратұлы
1997 жылғы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- 2019 жыл – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ;
- 2022 жыл – «Мемлекеттік және өңірлік басқару» мамандығы бойынша Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті.
Еңбек жолы:
- 2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының деректерді басқару бөлімінің бас маманы қызметін атқарған;
- 2020 жылдың қарашасынан 2024 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасының көше-жол желісін дамыту бөлімінің бас маманы;
- 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың 2 қарашасына дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарған;
- 2025 жылдың 3 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

