Лесбаев Руслан Жайсанбекұлы

    Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының орынбасары

    Лесбаев Руслан Жайсанбекұлы
    Заместитель руководителя управления

    Лесбаев Руслан Жайсанбекұлы

    Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының орынбасары

    Өмірбаян

    Лесбаев Руслан Жайсанбекұлы 1976 жылы 31 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген.

    2000 жылы - Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген;

    2008 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, «Қаржы» мамандығы;

    2012 жылы – «Парасат» қазақстандық көпсалалы институты, «құрылыс» мамандығы;

    2018 жылы - М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, "Сәулет" мамандығы;

    Еңбек жолын 2000 жылдың қыркүйегінен бастап 2004 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласы көлік және коммуникация Департаментінің ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды;

    2004 жылдың сәуірінен 2005 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы коммуналдық меншікті басқару департаментінің коммуналдық меншікті жаңарту және жұмысты үйлестіру бөлімінің бас маманы ;

    2005 жылдың тамызынан 2007 жылдың ақпанына дейін- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды, Өскемен қаласы;

    2009 жылдың сәуірінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін- Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Басқармасының жеке тұрғын үй құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы ;

    2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін - Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Басқармасының жеке тұрғын үй құрылысын бақылау бөлімінің басшысы ;

    2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың ақпанына дейін - Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау Басқармасының Медеу және Түрксіб аудандары бойынша сәулет- құрылыс бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;

    2019 жылдың ақпаннан 2023 жылдың ақпанына дейін - Алматы қаласы қала құрылысын бақылау Басқармасының Медеу және Түрксіб аудандары бойынша сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бас маманы;

    2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың мамырына дейін - Алматы қаласы қала құрылысын бақылау Басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді;

    2024 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін - Алматы қаласы қала құрылысын бақылау Басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері