
Галымов Магжан Ханатулы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Галымов Магжан Ханатұлы 1993 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдады.
2025 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Эколог» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне қарасты Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінде бастаған.
01.11.2015–27.12.2015
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы, Ақтау қаласы.
28.12.2015–12.04.2016
Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласы.
13.04.2016–08.09.2016
Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Ақтау қаласы.
09.09.2016–10.05.2018
Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласы.
03.12.2021–17.02.2022
Экологиялық реттеу бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласы.
18.02.2022–27.07.2023
Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласы.
28.07.2023 – 01.01.2025
Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ақтау қаласы.
2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.