
Мулдашев Арман Бақытжанұлы
Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы
Өмірбаян
1977 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниге келген.
Білімі - жоғары. 2003 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін кеден ісі мамандығы бойынша, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін Құқықтану мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Атырау қаласы, "Ақжайық - 7" ЖШС жабдықтау жөніндегі Техник болып бастаған
06.06.2007-10.12.2008 "Ақ - Жайық-7" ЖШС жабдықтау технигі, Атырау қаласы
04.05.2009-30.06.2010 жабдықтаушы "Юг-Саулет" ЖШС, Атырау қаласы
03.08.2010 - 20.09.2010 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Махамбет балық инспекциясы бөлімінің жетекші маманының міндетін уақытша атқарушы, Атырау қаласы
20.09.2010-05.06.2013 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Махамбет балық инспекциясы бөлімінің жетекші маманы, Атырау қаласы
05.06.2013 - 11.06.2014 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Махамбет балық инспекциясы бөлімінің басшысы, Атырау қаласы
11.06.2014-20.10.2014 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары, Атырау қаласы
20.10.2014-04.08.2019 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, Атырау қаласы
05.08.2019-11.02.2021 Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, Атырау қаласы
12.02.2021 - 16.03.2022 Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Атырау қаласы
2022 жылдың 17 наурызынан бастап Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы.
