
Баяхмет Мақсат Қуаншпайұлы
Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Мақсат Баяхмет 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылында дүниеге келген.
2011 жылы СҚМУ бітірген. М. Қозыбаева "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша, техника және технологиялар бакалавры. Сондай-ақ, "Көкше" академиясында "Құқықтану"мамандығы бойынша білім алған.
Мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2013 жылы СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдарын пайдалану және сапасын бақылау бөлімінде бастады.
2015 жылы сыртқы қарыздар басқармасының бас сарапшысы, ал 2016 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Үкіметтік қарыздарды іске асыру басқармасының бас сарапшысы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Құрылыс және реконструкция басқармасының басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдың маусым айынан бастап СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды.
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 2021 жылдың наурыз айынан бастап СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.