
Әлібеков Олжас Әділұлы
Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Әлібеков Олжас Әділұлы, 1984 жылы 17 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары
- 2007 жылы – Қазақ-Британ техникалық университетін «Есептеу техникасы мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- 2010 жылы – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «СЕЕ Автоматика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автоматтандыру инженері болып бастаған.
2010–2011 жылдары «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының стратегиялық талдау басқармасының менеджері қызметін атқарды.
2011–2014 жылдары «Қазақэнергиясараптама» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2014 жылы «Электроэнергетиканы дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ энергия үнемдеу және мемлекеттік энергетикалық тізілім департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2015–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының басшысы болды.
2017–2019 жылдары «Электроэнергетиканы дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2021–2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болды.
2023 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


