Андаков Мухамед Задинович

    Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары

    Андаков Мухамед Задинович
    Заместитель Председателя

    Андаков Мухамед Задинович

    Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Андаков Мухамед Заудинович, 1987 жылы Өзбекстанда, Таваксай ауылында дүниеге келген, жоғары білімі бар.

    Ташкент мемлекеттік университетін Мұнай-газ жабдықтары жөніндегі инженер-технолог мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын (университетін) Мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2013 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің инженері болып бастаған.

    2014 жылдан 2017 жылға дейін құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.

    2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің индустриялық-инновациялық жобалар мониторингі басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды

    2019-2021 жылдары ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің индустриялық-инновациялық жобалар мониторингі және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

    2021-2023 жылдары ҚР ИИДМ Индустриялық даму Комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы.

    2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері