
Қазанбаева Зейпін Зікірқызы
«Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» КМҚК басшысы
Өмірбаян
Қазанбаева Зейпін Зікірқызы 1963 жылы 28 қантарда Ұлытау ауданы Амангелді кеңшарында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1981 жылы Жезді кентіндегі № 6 орта мектепті бітірген. 1982-87 жж. С.М.Киров (қазіргі Әл Фараби) атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
1987ж.-1995ж. дейін «Жезді аудандық «Октябрь туы», «Жезді өңірі» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 ж. бастап Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінде бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет істеді. 2011 ж. бастап музейді басқарады.





