
Өмірбекова Сәуле Рахымқызы
№28 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
24 тамыз 1968 жылы Ақтөбе облысы, Новороссийск ауданы, Хромтау қ., дүниеге келді.
1991 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «қоғамтану және кеңестік құқық, тарих пәні мұғалімі»
2016 жылы - Бішкек Қаржы-Экономикалық Академиясы (БҚЭА), мамандығы: «Құқықтану», магистр
Еңбек жолын 1985 жылы Пролетарский аудандық комсомол комитетінде статист болып бастады.
1987-1998 жылдары Пролетарский пионер үйінде жоғары сынып оқушылары клубының жетекшісі болды.
1993-1998 жылдар аралығында Ақтөбе кооперативтік техникумында қоғамдық ғылым негіздері оқытушысы,бөлім басшысы, кейінірек директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1998 жылдан бастап 2002 жылдар аралығында «Рауан» кедендік-қаржы колледжінде маман ретінде бастап, директор лауазымына дейін жұмыс жасады.
2002ж. - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлім басшысы;
2004-2005 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлерді қолдау басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
2005-2007жылдары – облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі;
2007-2009 жылдары – «Ақтөбе облысы бойынша балалар құқығын қорғау Департаменті» ММ директоры орынбасары;
2009- 2011 жылдары – Ақтөбе қаласының №23 мектеп- лицей директоры;
2012-2016 жылдары «Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ» филиалы директоры;
2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысы;
2017 жылы - «Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиал директоры;
2019-2023 жылдар аралығы - «Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ» филиалы директоры;
2024 жылғы сәуірден тамызға дейін – Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары; «Өрлеу»БАҰО»АҚ басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі таңда «Озат Өркен» оқу орталығында жоба жетекшісі қызметін атқарады, сондай-ақ «Heyday school» бастауыш мектебінің негізін қалаушы әрі директормы. Ақтөбе қаласының мектеп директорларына арналған 6 айлық курстар өткізді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, "Ы.АЛТЫНСАРИН" (2021ж) төсбелгісімен марапатталған.
Өңіріміздің және қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Ақтөбе қалалық мәслихатының V, VI шақырылымдарының депутаты.
Отбасылық жағдайы: тұрмыста, үш кәмелетке толған балалары бар ана.
♦ «AMANAT» партиясының мүшесі.
2025 жылғы 26 қазаннан бастап №28 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Телефон: 8-775-045-45-65
Instagram: @saule_rakhimovna





