
Абдулабеков Ержан Эдгарұлы
№17 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1978 жылы 7 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келді.
Білімі:
2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша тәмамдады
2006 жылы Қарағанды қаласындағы Әбішев ат. Химия-металлургия университетін «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша тәмамдады
2001 ж. - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехының балқытушысы
2002 ж. - Әбішев ат. Химия-металлургия университетінің аспиранты (Қарағанды қ.)
2006 ж. - «Қазхром» ТҰК» АҚ Ғылыми-инженерлік орталығының ғылыми қызметкері, бас ғылыми қызметкері, бас технологы
2009 ж. - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехын салу жөніндегі жобаның бас технологы, жоба жетекшісінің орынбасары
2016 ж. - «Қазхром» ТҰК» АҚ бас металлургы
2021 ж. - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты директорының орынбасары
2023 ж. - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры
Алғыс хаттар:
«ІІІ дәрежелі Еңбек Даңқы» төсбелгісімен, Ақтөбе қаласы әкімінің, «Қазхром» ТҰК» АҚ жетекшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
«Amanat» партиясының мүшесі.
2023 жылдың 19 наурызынан бастап №17 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаты болып сайланды.
Телефон: 8-701-960-25-30
E-mail: [email protected]
Instagram: erzhan_abdulabekov





