
Ахаш Жаңалык Шортайұлы
№26 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1982 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Мамандығы - журналист.
Республикалық «КТК» телеарнасының Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі.
Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясының «Рауан» қазақ радиосында редактор болып бастаған. Кейін Ақтөбе және Атырау қалаларындағы «Тандем» радиосының ақпарат бөлімінің жетекшісі, бас редакторы, «31арна-Ақтөбе» телеканалында журналист болып қызмет етті . 2006 жылы өңірдегі алғашқы қазақ тіліндегі тәуелсіз «Керек инфо» газетін ашып, бас редакторы болды. «Делевой Запад» журналының шеф-редакторы, «Ақтөбе» телеарнасында редактор-жүргізуші, аға редактор болып еңбек етті. 2008 жылдан бері «КТК» телеарнасында тілші.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша арнайы мониторингтік топ мүшесі (2019-2021)
Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінде мүше. (2022-2023ж.)
Журналистердің құқығын қорғауға бағытталған «Төртінші билік» Ақтөбе қалалық журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
«Менің әкем» әлеуметтік жобасының авторы.
Марапаттары:
«ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «ҚР Ақпарат саласының үздігі», ҚР индустрия және инфрақұрым министрлігінің «Сапа саңлағы» төсбелгісімен, ҚР ішкі істер министрілігінің «Жол полициясына 20 жыл», «Ақтөбе қаласына 150 жыл» мерекелік төсбелгісімен марпатталған.
ҚР энергетика министірі, ҚР төтенше жағдайлар министрі, ҚР көлік және комуникация министірі, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, Ақтөбе және бірқатар облыс әкімдірінің алғыс хаттарымен маратталған.
Өзін-өзі ұсынушы.
2023 жылдың 19 наурызынан бастап №26 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Телефон: +7-705-381-93-15
E-mail: [email protected]
Instagram: @zhanalik_ahash
https://www.facebook.com/zhanalik.ahash





