Қайырғалиев Аслан Асқарұлы

    №8 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Қайырғалиев Аслан Асқарұлы
    Қызметкерлер

    Қайырғалиев Аслан Асқарұлы

    №8 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1998 жылы 7 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауылында туылды.

    2020 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді.

    2017 жылы Алматы қаласындағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында» тәжірибеден өтті.

    2018-2019 жылдары Алматы қаласындағы «Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» бастығының штаттан тыс көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2019-2020 жылдары ЖК «Қайырғалиев».

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖШС «Анвар» директорының орынбасарымы.

    ҚР Президенті Тоқаев К.К. сайлауын өткізуге, түрлі қайырымдылық акцияларға қатысып, көпбалалы отбасылар мен балалар үйлеріне көмек көрсетті.

    2022 жылы ҚР Президенті сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Президент Қ.К. Тоқаевтан алғыс хат алды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының әкімінен қоғамның өсуі мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат алды. Белсенді қоғамдық қызметі және туған өлкенің дамуына қосқан үлесі үшін "AMANAT" партиясының төрағасы Еран Қошановтың "Белсенді қызметі үшін" медалімен марапатталды.

    2020 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясының мүшесі, 2021 жылдан бастап "Анвар" БПҰ төрағасы. "Анвар" БПҰ қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады және демеушілік көмек көрсетеді. Ойыл ауданының балаларына арналған музыка мектебін салу, жастарға арналған "Креативті Жастар орталығы" құру, Қала үшін жаңа скверді жайластыру, Ойыл ауданының Берсиев және Амангелді ауылдарында бөгет салу, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккендерге 30 000 000 теңге сомасына азық-түлік жиынтығы және 20 000 000 теңге сомасына ақшалай қаражат түрінде көмек көрсету. Сонымен қатар, "IQanat" қорына ауыл балаларын қолдау үшін демеушілік көрсетілді. Ж. Жүсібалиева атындағы Қазақ орта мектебіне музыкалық аппаратура, жиһаз және шаруашылық сатып алуға материалдық көмек көрсетті. Балалар туризмін дамытуға және әлеуметтік салада жобаны іске асыруға, Қостанай облысында өрттерді сөндіруге, Ойыл ауданының әкімдігіне "мектепкек жол" акциясында, "Азия Газ Монтаж" ЖШС-не ГМЗ ауданында газ құбырының 4 учаскесін төсеу бойынша жұмыстарға, Ойыл ауданының білім бөліміне жаңа жылдық сыйлықтармен көмек көрсетілді.

    ♦ «AMANAT» Партиясының мүшесі.

    2025 жылғы 26 қазаннан бастап №8 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

    Телефон: +7 700-002-00-01

    Instagram: @aslan.kaiyrgaliyev

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері