Сапарова Жанат Батаржановна

    ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары

    Сапарова Жанат Батаржановна
    Заместитель Председателя

    Сапарова Жанат Батаржановна

    ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    1976жылы 6 сәуірде туылған.

    Білімі жоғары, 1999 жылы А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттікуниверситетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.

    2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2009 жылы «Қазынашылық қызметінің үздігі» белгісімен марапатталды.

    2010 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2011 жылы «Қаржы қызметінің үздігі» белгісімен марапатталды.

    2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.

    2012 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2015ж. Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.

    2015ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелікмедалімен марапатталды.

    2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелікмедалімен марапатталды.

    2016ж. «Үздік мемлекеттік қызметші», «25 лет войскам правопорядка Республики Казахстан», төсбелгісімарапатталды.

    Еңбек жолы:

    1995 жылдан 2005 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облыстық қазынашылық басқармасы» ММ – Заң бөлімінің бастығы;

    2005 жылдан 2006 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ - Департаменттің Мемлекеттік бюджетті атқару басқармасының бастығы;

    2006 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментінің Рудный қалалық қазынашылық басқармасы» ММ – Басқарма бастығы;

    2007 жылдан 2009 жылға дейін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ – Департамент бастығының орынбасары;

    2009 жылдан 2012 жылғы қарашаға дейін «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ- Департамент бастығы;

    2012 жылдан 2017 жылдың шілдесіне дейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ - Төрағаның орынбасары.

    2017 жылдың тамызынан бастап осы уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті» РММ – Төрағаның орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері