
Инкербаев Жайдар Дабырович
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1977 жылы 11қазанда туылған.
Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын«Экономика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Экономика ғылымының кандидаты.
1998 жылдан 2002 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша Салық органдарында салық инспекторы.
2002 жылдың тамызынан бастап 2003 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығының сот экономикалық сараптама қызметі НПЛСЭ басшысының орынбасары, содан кейін басшысы лауазымын атқарған.
2003 жылдың қарашасынан 2004 жылдың қаңтарына дейін – Алматы қаласы бойынша «Қазақ зергер» АҚ-ның қаржы директоры.
2004 жылдан бастап 2007 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Салық комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарма басшысы.
2007 жылдың тамызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Салық комитетінің аудандық салық басқармаларының басшысы, содан кейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2017 жылдың сәуірінен бастап 2018 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық және кеден заңнамасы департаментінің орынбасары, содан кейін директоры, Астана қаласы.
2018 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитетінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі №285-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметі жүктелінді.