
Алиев Данияр Абзалиденұлы
Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы
Өмірбаян
Алиев Данияр Абзалиденұлы, 1986 ж.т. Талдықорған облысы. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы, 2010 жылы гуманитарлық ғылымдарының магистрі атағын алды, 2020 жылы "Алматы" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2008-2009 жж Алматы қаласы, ҚР Орталық мемлекеттік архивте құжаттарды сақтау бөлімінің меңгерушісі.
2009-2014 жж Алматы қаласы, тарих музейінің ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі.
2014-2016 жж Алматы қаласының Мәдениет басқармасында бас маман.
2016-2017 жж Алматы қаласында "Нұр Отан" партисы филиалында қызмет атқарды.
2017-2022 жж Алматы қаласы, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.
2022-2023 жж Астана қаласы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.
2023-2025 жж Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, Қонаев қ.
2025 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы

