
Ізбасаров Бірлік Қуатбекұлы
Облыс прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Избасаров Бірлік Қуатбекұлы, қазақ, 1978 жылғы 3 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады.
2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2018 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
1996–2001 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде «инженер-механик» мамандығы бойынша білім алды.
2001–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде орта және басшы құрамдағы түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2008–2014 жылдары Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде (қаржы полициясы) аға инспектор, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
2014–2017 жылдары Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Оңтүстік аймақаралық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2017–2020 жылдары Алматы қаласының прокуратурасында қала прокурорының аға көмекшісі және басқарма басшысы лауазымдарында қызмет етті.
2020–2021 жылдары Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
2021–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022–2025 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуроры болды.
2025 жылғы 13 қазаннан Жетісу облысы прокурорының орынбасары.


