Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы

    Жетісу облысының прокуроры

    Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы
    Прокурор

    Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы

    Жетісу облысының прокуроры

    Өмірбаян

    Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасы Байғанин ауданы бойынша Құқықтық статистика және ақпарат орталығының маманы қызметінен бастаған.

    Қандыағаш, Ақтөбе көлік прокурорларының көмекшісі, аға көмекшісі, Батыс аймағының көлік прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, басқарма аға прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары және прокуроры, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасындағы Бас прокурордың көмекшісі, Арнайы прокурорлар қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасындағы Бас Прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған.

    2019-2022 жылдары Атырау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

    2022-2025 жылдары Атырау облысының прокуроры қызметін атқарды.

    2025 жылғы 29 қыркүйектен Жетісу облысының прокуроры болып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері