Коспанов Бахтияр Сабитович

    «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары

    Коспанов Бахтияр Сабитович
    Заместитель руководителя

    Коспанов Бахтияр Сабитович

    «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1993 жылы дүниеге келді, Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу ауылы.

    Білімі - жоғары, 2015 жыл - А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.

    10.09.2016 - 18.04.2017 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша Департаментінің хатшысы

    24.04.2017 - 25.05.2017 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің жедел басқару саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылықтарды анықтау бөлімінің офицері лауазымы бойынша стажер

    25.05.2017 - 13.06.2017 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің жедел басқару бюджет саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылықтарды анықтау жөніндегі бөлімі офицерінің міндетін уақытша атқарушы

    13.06.2017 - 29.06.2017 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің бюджет саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзұшылақтарды анықтау жөніндегі бөлімінің офицері

    29.06.2017 - 08.09.2017 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің Рудный өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық бөлімінің офицері

    08.09.2017 - 10.09.2018 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаментінің Рудный аймағы бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің офицері

    10.09.2018 - 17.09.2019 - Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Департаменті жедел басқармасының офицері

    06.03.2020 - 30.06.2020 - Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ММ лицензиялау және аттестаттау бөлімі аттестаттау бөлімінің басшысы - мемлекеттік құрылыс инспекторының м.а.

    01.07.2020 - 12.10.2023 - "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ лицензиялау және аттестаттау бөлімінің аттестаттау бөлімінің басшысы - мемлекеттік құрылыс инспекторы

    13.10.2023 - 16.02.2025 - "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының орынбасары "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының орынбасары

    26.03.2025 - 04.08.2025 - Қостанай облысы әкімінің аппараты жобалық басқару бөлімінің бас инспекторы

    25.09.2025 - 07.10.2025 - "Қостанай ауданы Озерное ауылы әкімінің аппараты" ММнің бас маманы, Озерное а.

    08.10.2025- бастап "Қостанай облысы әкімдігінің дене шыңықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының орынбасары

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

    Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, басқарма қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарлауының орындалуын, облыстың жетекші спортшыларын ресми халықаралық жарыстарға дайындаудың жеке жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды, Басқарманың отырыстарын және басқа да ісшараларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

    Спортты дамытудың стратегиялық жоспарларының орындалуына, мемлекеттік спорт мекемелерінің жұмысына, спорт инфрақұрылымы объектілерінің қауіпсіздігі мен пайдаланылуына, жоғары білікті спорт түрлерін дамытуға, спорт салаларын дамыту бойынша сараптамалар өткізуге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аппарат мәжілістеріне, облыс әкімінің мәжілістеріне, селекторлық және облыс әкімі орынбасарымен болатын басқа да мәжілістеріне материалдар дайындауға жауапты.

    Спорт объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, спорт саласындағы инвестициялық жобаларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынады, инвестициялық жобалардың құрылысы мен қайта жаңарту барысын бақылауды қамтамасыз етеді.

    Шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.

    «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер» порталдарында және мемлекеттік органның интернет-ресурстарында әкімшілік рәсімдердің, мемлекеттік қызметтердің сапасының, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу ережелерін, ақпараттық қауіпсіздік саясатының сақталуын, жинақтардың орналастырылуын және жаңартылуын бақылайды.

    Жұмыстарды, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде Басқарманың комиссиясының жұмысына қатысады.

    Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын талдайды және Басқарма мамандарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының кәсібилігін және мамандардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

    Дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми мәлімдемелер жасайды, Басқарманың, басқарма басшысының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында, басқарманың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жариялау бойынша жұмысты ұйымдастырады және қадағалайды.

    Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді.

    Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хаттары мен өтініштерін қарайды және қарауға келіп түскен хат-хабарларды таратады.

    Басқарманың қызметіне қатысты отырыстар мен басқа да іс-шараларды дайындау мен өткізуді үйлестіреді.

    Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдардың, телебағдарламалардың, облыс әкімімен аппараттық кеңестерге, селекторлық кеңестерге, облыс әкімінің орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерге және басқа да кездесулерге арналған материалдардың ақпараттық-талдамалық іріктелуін қадағалайды.

    Премьер-Министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларының, жоғары тұрған органдардың бағдарламалық құжаттарының, облыс әкімдігінің қаулыларының, Қостанай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы туралы ақпараттың уақтылы берілуін, облыс әкімі мен Басқарма басшысының өңірлерге іссапарларындағы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды бақылайды.

    Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

    Қызметтік қажеттілік туындаған кезде Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша іссапарларды жүзеге асырады;

    Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау, бюджет қаражатын пайдалану, Басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелер қызметінің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.

    Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджет қаражатының ашық лимиттерге сәйкес нысаналы мақсаттарға дұрыс және тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады.

    «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабында көзделген ақпаратпен МО ИРБП (ЕПИР ГО) мемлекеттік және орыс тілдерінде 100% қамтамасыз етілуін бақылайды.

    Нормативтік құқықтық актілердің және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша келіп түскен барлық ескертулерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілген сұрақтарға жауаптардың берілуін бақылайды.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Басқарманың барлық қызметкерлерінің жұмыс уақытының табельдеріне қол қояды.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң уақтылы, сапалы қаралуына, өтiнiштердi орындау кезiнде тiркеу карточкаларына енгiзiлетiн мәлiметтердiң дұрыстығына, шешiмнiң түрiн анықтауға және әкiмшiлiк актiлер бойынша қаулының мазмұнына жауап бередi.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері