
Ильдебаев Нурлыбек Ануарбекович
Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1982 жылдың 15 мамырында Қарқаралы ауданында, Қарқаралы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1999 жылы аталған мектепті тәмамдаған. Сол жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы «бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы» мамандығы бойынша аяқтаған.
2005 жылдың тамыз айында Қарағанды экономикалық қазтұтынуодағы университетінің экономика саласын құқықтық реттеу, заңтану бакалавры мамандығына түсіп 2007 жылы аяқтады.
- 2003 жылдың тамыз айынан бастап Қарқаралы қаласындағы №2 орыс орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
- 2004 жылдың мамырынан 2005 жылдың мамырына дейін Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» аумақтық басқармасына қарасты 2091 «Р» әскери бөлімінде әскери борышын өтеген. Әскери шені – қатардағы жауынгер.
- 2005 жылдың мамырынан бастап еңбек жолын мектепте жалғастырған.
2007 ж. қыркүйек – 2008 ж. тамыз – «Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, бас маман (конкурс арқылы).
2008 ж. тамыз – 2011 ж. қазан – «Қарқаралы ауданы әкімі аппараты» ММ, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы («Мемлекеттік қызмет туралы» заңның ауыстыру тәртібі бойынша).
2011 ж. қазан – 2015 ж. желтоқсан – «Қарқаралы ауданы әкімі аппараты» ММ, құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі («Мемлекеттік қызмет туралы» заңның ауыстыру тәртібі бойынша).
2015 ж. желтоқсан – 2020 ж. қазан – «Қарқаралы ауданы әкімі аппараты» ММ, аппарат басшысы (конкурс арқылы).
2020 ж. қазан – 2022 ж. ақпан – «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, бөлім басшысы (конкурс арқылы).
2022 ж. ақпан – 2025 ж. наурыз – «Қарқаралы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, бөлім басшысы (конкурс арқылы).
2025 ж. сәуір айынан бастап – «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, бөлім басшысы (конкурс арқылы).