«Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»ММ

    Бөлім туралы
      1. «Кәсіпкерлік бөлімінің» миссиясы: ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
      2. Міндеттері:

      аудан аумағында мемлекеттік кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы экономикалық саясатын жетілдіріп, іске асыру жұмыстарына қатысу;

      ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

      ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы жасалған әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының іске асырылуын қадағалау және мониторингісін жүргізу;

      тағы басқа заңдармен жүктелген міндеттерін орындау.

      1. Функциялары:
      • ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын және басты бағыттарын анықтауға қатысады;
      • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларындағы экономикалык бағдарламаларын, осы салалардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарларын жасауға қатысады, ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын Әкімдік мәжілістерінде және Маслихатта қарауға дайындайды;
      • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларын дамыту, қаржылық сауықтыру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасап, шаралар қолдануға катысады;
      • ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар болуына ықпал жасайды;
      • Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, аудандық Мәслихатқа, аудан әкіміне заңда белгіленген тәртіппен ауданның кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларының дамуы жөнінде есепті тапсырады.