
Ұласбекұлы Нұрбек
Батыс Қазақстан облысының прокуроры
Өмірбаян
Нұрбек Ұласбекұлы 1981 жылы 4 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1998 жылдан 2002 жылға дейін Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алды.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған;
2003-2005 ж. - Қызылорда қаласы прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры; Қызылорда қаласы аға прокурорының көмекшісі; Қызылорда қаласы прокуратурасының мемлекеттік орган қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі;
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының Қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры;
2007-2010 ж. - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов, Жамбыл және Қордай аудандары прокурорларының орынбасары;
2013-2021ж. - Жамбыл облысы Мойынқұм, Жуалы, Меркі Қордай аудандарының прокуроры;
05.04.2021 ж. -28.09.2025ж.- Жамбыл облысы прокурорының орынбасары.
29.09.2025ж. – бастап Батыс Қазақстан облысының прокуроры


