Сәтбаев Азамат Әлібекұлы

    Батыс-Қазақстан облысы прокурорының орынбасары

    Сәтбаев Азамат Әлібекұлы
    Заместитель прокурора

    Сәтбаев Азамат Әлібекұлы

    Батыс-Қазақстан облысы прокурорының орынбасары

    Өмірбаян

    Сәтбаев Азамат Әлібекұлы 1981 жылы 8 мамырда Орал қаласында дүниеге келген.

    1998 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясына түсіп, оны 2002 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алды. Оқу кезінде әскери кафедрадан өтіп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запастағы лейтенанты әскери атағын алды.

    Оқу орнын бітіргеннен кейін Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында 2002 жылдың тамыз айынан 2003 жылдың сәуір айына дейін Орал қаласы прокурорының көмекшісі ретінде қызмет атқарды.

    2003-2006 жылдары қаржы полициясы органдарында инспектор, тергеуші лауазымдарында қызмет атқарды.

    2006 жылдың маусым айынан 2012 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет атқарды, оның ішінде Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі, прокурор, басқарманың аға прокуроры, бөлім бастығы, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында.

    2012 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуроры қызметін атқарды.

    2015 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың тамызына дейін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

    2022 жылдың тамыз айынан-Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері