
Қайрканов Саят Сейтқанұлы
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1997 жылғы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары – Мемлекеттік және жергілікті басқару.
2018 жылдың шілде айында еңбек жолын ШҚО Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бастады.
2019 ж. – ШҚО Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінің қоғамдық қызметкері, ШҚО, Үржар ауданы.
2019 – 2020 жж. – ШҚО Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының іс қағаздар құжатын жүргізушісі, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
2020 ж. – ШҚО Тарбағатай ауданы әкімі көмекшісінің міндетін атқарушы, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
2020 ж. – ШҚО Тарбағатай ауданы әкімінің көмекшісі, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.
2020 – 2021 жж. – ШҚО Көкпекті ауданы әкімі көмекшісі, ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.
2021 – 2022 жж. – ШҚО Білім басқармасына қарасты КМКҚ «Электротехникалық колледж» шаруашылық меңгерушісі, Семей қаласы.
2022 – 2023 жж. – «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты, Семей қаласы.
2023 – 2025 жж. – «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты, Семей қаласы.
2025 ж. – Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің кеңесшісі міндетін атқарушы, Семей қаласы.
2025 ж. – Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
2026 жылдың 2 ақпанынан бастап Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.




