
Кульманов Жансерик Бердимуратович
Заместитель руководителя Департамента санитарного-эпидемического контроля Актюбинской области
Өмірбаян
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында дүниеге келген. 2008 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын тәмамдап, жоғары медициналық білім алған. Төрт баланың әкесі. Жалпы еңбек өтілі – 9 жыл. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында көп жылдық тәжірибесі бар, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары білікті маман.
Еңбек жолын сол жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында коммуналдық нысандарды қадағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы ретінде бастады.Көп ұзамай осы бөлімнің жетекші маманы қызметін атқарып, санитариялық-гигиеналық талаптарды бақылау бағытында кәсіби тәжірибесін шыңдады. 2009–2010 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде жетекші маман ретінде жұмыс істеп, өңірдегі коммуналдық объектілер мен қоршаған ортаның санитариялық жағдайын қадағалау ісіне атсалысты. 2010 жылдан бастап Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінде жетекші маман, кейін бас маман қызметтерін атқарып, санитариялық қауіпсіздік бағытында маңызды міндеттерді орындады. 2012 жылы облыстық департаменттің коммуналдық объектілерді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалып, өңірдегі санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестірді. 2014 жылы алдын алу санитариялық-гигиеналық қадағалау және коммуналдық объектілерді бақылау бағыттарын қамтитын бөлімді басқарды. 2014–2016 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы департаментінде өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы ретінде қызмет атқарды. Кәсіби қызметін 2024 жылы қайта жалғастырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақтөбе қалалық басқармасы басшысының орынбасары қызметіне келді. 2024–2025 жылдар аралығында осы лауазымда еңбек етіп, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау және басқару жұмыстарын ұйымдастырды. 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.


