
Койшанова Райхан Мусалиқызы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Өмірбаян
Койшанова Райхан Мусалиевна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Райхан Мусалиевна 1970 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын гигиенист- эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1995-2005 жылдары - Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері;
2005-2007 жылдары - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ескертпелі санитариялық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2007-2010 жылдары - Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық бөлімінің санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жылдары - Ақтөбе облысы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Ақтөбе қалалық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2012-2014 жылдары - Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналды объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2014-2017 жылдары - Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнеркәсіптік, коммуналдық объектілерді және радиациялық қауіпсіздікті санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы;
2017 жылдан бастап с анитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары.


