Рақымжан Айдын Жомартұлы

    Елішілік құндылықты дамыту департаменті директоры

    Рақымжан Айдын Жомартұлы
    Директор

    Рақымжан Айдын Жомартұлы

    Елішілік құндылықты дамыту департаменті директоры

    Өмірбаян

    1995 жылғы 26 сәуiрде Қостанай облысындағы Арқалық қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген

    07.2017 ж. бастап 02.2019 ж. дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция Комитеті Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, Инвестиция Комитеті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы қызметтерін атқарды.

    02.2019 ж. бастап 07.2019 ж. дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитеті Инвестициялық жағдайды мониторингтеу және халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу басқармасының атташесі лауазымында жұмыс істеді.

    08.2019 ж. бастап 07.2023 ж. дейін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Индустриялық саясат дирекциясының бас сарапшысы, Индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясының басшысы, Арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды дамыту дирекциясының басшысы қызметтерін атқарды.

    07.2023 ж. бастап 10.2023 ж. дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

    10.2023 ж. бастап 08.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

    08.2025 ж. бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры қызметін атқаруда.

    05.2026ж. бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері