
Заместитель руководителя
Алғазиев Ермек Алғазиұлы
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Алғазиев Ермек Алғазиұлы, 1978 жылғы 21 ақпанда дүниеге келген. Туған жері: Восход ауылы, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы.
Білімі жоғары, 1999 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін "АӨК экономикасы және менеджменті" мамандығы бойынша бітірген.
- 2000 жылдан 2001 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ішкі аудит және ақпаратты жинақтау әкімшілендіру бөлімінің салық инспекторы, Орал қаласы;
- 2001 жылдан 2006 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, түрлі бөлімдерінде бөлім басшысы, Аксай қаласы;
- 2006 жылдан 2008 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы Салық департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Салық басқармасы төрағасының орынбасары міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары, Аксай қаласы;
- 2008 жылдан 2010 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы Салық департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы міндетін атқарушы, Аксай қаласы;
- 2010 жылдан 2018 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Аксай қаласы;
- 2018 жылдан 2024 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Аксай қаласы;
- 2024 жылдан 2025 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Орал қаласы;
- 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Орал қаласы.

