Председатель Правления
Хорошаш Асқар Насиболлаұлы
«Turar Healthcare» КеАҚ Басқарма төрағасы
Өмірбаян
1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2000 жылы осы академияның клиникалық ординатурасын, 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2014 жылы Астана медицина университетін аяқтаған. Мамандығы бойынша — дәрігер, кардиолог, қаржы және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы. Медицина ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілі — Upper-intermediate деңгейінде меңгерген. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.
1991 жылы еңбек жолын Қарағанды диагностикалық орталығында санитар болып бастады.
1992–1998 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында оқыды.
1998–2000 жылдары осы академияда клиникалық ординатурадан өтті.
2000–2001 жылдары Қарағанды қаласындағы «Pharm News» ЖШС-де кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді.
2001 жылы – Астана қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының филиалында ғылыми қызметкер.
2002–2005 жылдары – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының №2 ішкі аурулар кафедрасында ассистент.
2005–2007 жылдары – «Шағын және орта бизнесті дамыту федерациясы» ЗТБ басқарушы директоры.
2007–2008 жылдары – Астана қаласындағы «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Бизнес-жобалар департаментінің директоры.
2008–2011 жылдары – Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасындағы «Bionorica AG» өкілдігінің аймақтық қызметінің директоры.
2011–2012 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Казмедтех» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасы, Астана қаласы.
2013–2014 жылдары – Қазақстан Республикасындағы «Bionorica AG» өкілдігінде басшы орынбасары, Астана қаласы.
2015–2016 жылдары – «Техноком групп» ЖШС бас директоры, Астана қаласы.
2016–2019 жылдары – Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2019 жылы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.
2019–2021 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша басым жобалар жөніндегі Жобалық кеңсесінің бас менеджері, Астана қаласы.
2022 жылдан 2025 жылға дейін – «Turar Healthcare» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2025 жылдан бүгінгі күнге дейін – «Turar Healthcare» КеАҚ Басқарма төрағасы, Астана қаласы.

