
Қуандықов Әділет Қуандықұлы
Самар ауданының прокуроры
Өмірбаян
Қуандықов Әділет Қуандықұлы, 1981 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тумасы, білімі жоғары.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2008 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. 2012 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі.
2017-2020 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры болып жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры болып жұмыс істеді.
2022-2025 жылдары Алматы қаласы Алмалы және Түрксіб прокуратураларының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 17 жыл.
ҚР Бас прокурорының 21.10.2025ж. бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.





