Әбдрешов Тимур Ғайдарұлы

    Баспасөз хатшысы

    Әбдрешов Тимур Ғайдарұлы
    Директор

    Әбдрешов Тимур Ғайдарұлы

    Баспасөз хатшысы

    Өмірбаян

    Тимур Ғайдарұлы Әбдрешов — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Айтуар ауылының тумасы. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. 2017 жылы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында Newcastle University (Англия) медиа және PR саласы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Оның еңбек жолы 2004 жылы Петропавл қаласында басталып, «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2006–2010 жылдары МТРК телеарнасында тілші әрі редактор қызметін атқарған.

    2010 жылдан бастап мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек етіп келеді. 2025 жылғы шілдеге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

    Сонымен қатар, 2019–2025 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалында штаттан тыс медиа-тренер болып қызмет атқарды.

    2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры - баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері