Бәкіров Асхат Бәкірұлы

    "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-нің "Облыстық сәулет бюросы" КММ-нің директоры

    Бәкіров Асхат Бәкірұлы
    Директор

    Бәкіров Асхат Бәкірұлы

    "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ-нің "Облыстық сәулет бюросы" КММ-нің директоры

    Өмірбаян

    1983 жылы 29 сәуірде ҚР, Семей облысы, Абралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.

    2004 жылы Шәкәрім атындағы Семей университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Қазақстандық инновациялық университетті "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2001 жылы аймақтық "Жан қалауы" газетінде дизайнер-беттеуші болып бастап, кейіннен техникалық директор қызметін атқарды.

    2002 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың наурызы аралығында "Сәулет құрылыс" ЖШС-нің жобалық фирмасы сәулетшісінің көмекшісі қызметін атқарды.

    2006 жылдың сәуірінен 2006 жылдың қарашасы аралығында "ССК-ХХІ ВЕК" ЖШС-нің сәулетшісі қызметін атқарды.

    2007 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қарашасы аралығында «СемейОтделСтрой» ЖШС-нің сәулетшісі қызметін атқарды.

    2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың ақпаны аралығында «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің техникалық қызметкері қызметін атқарды.

    2009 жылдың мамырынан 2011 жылдың желтоқсаны аралығында «Абыралы-Дегелең» ҚҚ-ның сәулетші қызметін атқарды.

    2011 жылдың ақпанынан 2015 жылдың қаңтары аралығында «Асыл-ой» ЖШС-сі жобалық ұйымының сәулетшісі, басшысы қызметін атқарды.

    2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың наурызы аралығында «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің техникалық қызметкері қызметін атқарды.

    2015 жылғы сәуірінен 2021 жылғы қыркүйегі аралығында «Асыл-ой» ЖШС-сі жобалық ұйымының сәулетшісі, басшысы лауазымын атқарды.

    2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы сәуірі аралығында «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы» ММ-сі басшысы орынбасарының м.а. лауазымына атқарды.

    2022 жылғы қазаннан 2022 жылғы желтоқсаны аралығында «Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің бас маманының м.а. лауазымын атқарды.

    2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың мамыры аралығында «Теплокоммунэнерго» МКК күрделі құрылыс және жөндеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың мамыры аралығында Семей қаласы әкімдігінің "Семей-Сәулет" КММ-нің директоры қызметін атқарды.

    2025 жылдың мамыр айынан бастап күнге «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің «Облыстық сәулет бюросы» КММ-нің директоры қызметін атқарады.

    Сондай-ақ, VIII сайланған Семей қаласы мәслихатының депутаты және ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі болып табылады.

    2023 жылдың қаңтар айынан бастап "Абай облысының сәулетшілер одағы" республикалық филиалының төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері